Қазақстандық жас теннисші Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында жұптық сында Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші ресейлік Егор Плешивцевпен бірге ширек финалда оңтүстікамерикалық Коннор Доиг – үндістандық Криш Тьяджимен кездесті.

Бірінші партияны қазақстандық-ресейлік дуэт брейкпен аяқтады – 6:4. Олар екінші сетте де 4:2 есебімен алға шыққанымен, оңтүстікамерикалық-үндістандық жұп таразы басын теңестірді. Тай-брейкте Әмір мен Егор жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8).Өткен жылы Амир Ролан Гаррос турнирінде ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге жартылай финалда өнер көрсеткен еді. 

Омарханов – Қазақстан теннисі тарихында жасөспірімдер арасында осындай табысқа жеткен үшінші спортшы. 1997 жылы Ирина Селютина зимбабвелік Кара Блэкпен бірге Франция ашық чемпионаты мен Уимблдонда үздік шыққан еді. Сондай-ақ Әмина Рахым 2005 жылы Ролан Гарростың финалына, АҚШ чемпионатының жартылай финалына дейін жетті. Бір жылдан кейін Аустралия біріншілігінің жартылай финалында ойнады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін