Қазақстандық балуандар Венгриядағы турнирде жеті медальға қол жеткізді

Сурет: olympic.kz
Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен "Polyák Imre & Varga János Memorial" турнирі өтті. Қазақстандық балуандар аталмыш турнирде 7 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еркін күрестен 61 келі салмақта белдескен Асылжан Есенгелді қола жүлдеге ие болды.

Грек-рим күресінен Марлан Мұқашев (55 келі) күміс медаль еншіледі. Ал Ержет Жарлықасын (63 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола медальға ие болды.

Әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (72 келі) күміске қол жеткізсе, Нилуфар Раимова (57 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден командалық сайыста үздік ондыққа енгенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

Тибетте қатты жер сілкінісі болды