Президент кубогы: Қазақстандық жұп камбэк жасап, жартылай финалға шықты

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандықтар Аружан Сағындықова мен Екатерина Дмитриченко жұптық сында Президент кубогы үшін ITF сериясы бойынша Астанада өтіп жатқан W15 турнирінің жартылай финалында ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық жұп ширек финалда жарыстың 2-ракеткалары, ресейліктер Екатерина Маклакова — Дарья Зелинскаяны ұтып кетті.

Бірінші партияда фаворит саналған ресейлік дуэт айқын басымдылық танытты — 6:1. Есесіне екінші сетте Сағындықова — Дмитриченко қарымта қайырды — 6:2.

Содан кейін супер тай-брейкте дес бермеді — 10:7.Аружан Сағындықова — Екатерина Дмитриченко финалға шығу үшін өзбекстандықтар Нигина Алимова — Сабрина Олимжановамен ойнайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астанадан Алматыға ұшып шыққан ұшақта әйел адамның жағдайы күрт нашарлаған

Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды!