Қазақстан XII Дүниежүзілік ойындарында ең үздік көрсеткішті көрсетті

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 2025 жылғы 7-17 тамыз аралығында Қытайда өтіп жатқан Дүниежүзілік ойындардың қорытындысымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытайдың Чэнду қаласында төрт жылда бір мәрте өтетін халықаралық додада өте сәтті өнер көрсетіп, үздік деп танылды.

"Қазақстан құрамасы сегіз спорттың түрінен сынға түсіп, жүлде саны мен сапасы жағынан (2 алтын, 5 күміс, 3 қола) өз тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті", делінген ведомство хабарламасында.

Дүниежүзілік ойындарда ел намысын ең көп 31 спортшы қорғады:

Құзырлы ведомство биыл жауынгерлік самбо 1993 жылдан кейін Дүниежүзілік ойындардың бағдарламасына қайта енгізіліп, нәтижесінде отандастарымыз осы спорт түрінен бір алтын, үш күміс медаль иеленгенін нақтылады.

"Джиу-джитсудан спортшыларымыз өз тарихындағы ең үздік көрсеткішін тіркеді. 1993 жылдан бері осы спорт түрінен тек 2 қола жүлде ғана болса, осы жолы жігіттеріміз бір алтын, бір күміс, екі қола еншіледі. Спорттық құзға өрмелеуден ел тарихындағы бірінші қола медальды Ришат Хайбуллин алды", - дейді құзырлы комитет.

Естеріңізге сала кетейік, Чэндуде әлем­нің 114 елінен келген 3 962 атлет 34 спорт түрінен 256 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.

Бұған дейін қазақстандық теннисші, әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов Тоди (Италия) челленджер турнирінің финалына шыққанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді