УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі: "Қайраттың" қарсыластары кімдер

Сурет: Zakon.kz
28 тамыз күні Монакода УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне арналған ресми жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде Қазақстанның чемпионы "Қайрат" алдағы қарсыластарын білді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматылық клубтың сегіз қарсыласының ішінде ең бастысы – әлемдегі ең титулды команда мадридтік "Реал". Корольдік клуб Алматыға қонаққа келеді.

Екінші мықты қарсылас – 2025 жылғы Чемпиондар лигасының финалисі миландық "Интер". Итальяндықтармен кездесу сырт алаңда өтеді.

Сонымен қатар "Қайраттың" қарсыластары: "Арсенал" (Англия) – матч Лондонда, "Брюгге" (Бельгия) – Алматыда, "Спортинг" (Португалия) – қонақта, "Олимпиакос" (Грекия) – Алматыда, "Пафос" (Кипр) – Алматыда, "Копенгаген" (Дания) – Данияда.

Ойындардың нақты күндері мен мерзімі кейінірек анықталады.

Жалпы кезең 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы қаңтарға дейін өтеді. Плей-офф кезеңі 2026 жылғы ақпаннан мамырға дейін жалғасады.

УЕФА Чемпиондар лигасының финалы 30 мамырда Будапештте өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін