Уэльске қарсы ойында Нұрәлі Әліп қолына ұлттық құрама капитаны шүберегін тағып шығады

Сурет: Instagram/zenit_spb
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев бірнеше минуттан кейін басталатын, 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Уэльс командасына қарсы ойында өнер көрсететін ұлттық құраманың құрамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлиев Уэльске қарсы ойынды бастайтын алғашқы 11 ойыншыны атады:

Анарбеков, Малый, Әліп (капитан), Қайыров, Қасым, Оразов, Самородов, Вороговский, Кенжебек, Сәтбаев, Қасабулат.

Қосымша ойыншылар орындығында өз кезегін күтушілер: Шайзада, Сейсен, Жақсыбаев, Мужиков, Чесноков, Қараман, Жагоров, Халматов, Свиридов, Жұмат, Астанов және Өміртаев.

Қазақстан мен Уэльс арасындағы кездесу "Астана Аренада" өтеді, басталуы - сағат 19:00-де. 23 наурызда Кардиффте (Уэльс) өткен бірінші матчта біздің футболшылар қарсыластарынан 1-3 есебімен жеңіліп қалған болатын.  

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды