Темірлан Анарбеков "Ақтөбеге" қарсы матчта жақ сүйегін сындырып алды

Сурет: instagram/f.c.kairat
Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясындағы "Қайрат" пен "Ақтөбе" арасындағы ойыннан кейін алматылық клубтың қақпашысы Темірлан Анарбековтің жарақатына қатысты ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жақында ғана УЕФА Чемпиондар лигасында Шотландияның "Селтигіне" қарсы өткен матчтың қаhарманы аса ауыр жарақат алып, "Ақтөбеге" қарсы ойында соңына дейін өнер көрсете алмады.

"Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Оразбахтиннің айтуынша, Анарбековтің жақ сүйегі сынған.

"Менің қолымдағы дерекке сәйкес, Темірланның жақ сүйегі зақымданған. Біз оны белгісіз мерзімге жоғалттық. Ол алдағы Чемпиондар лигасы мен КПЛ-2025 ойындарында командаға көмектесе алмайды", - деді бас бапкер.

Темірлан Анарбековтің жоқтығына қарамастан, оның командасы "Ақтөбені" 1:0 есебімен ұтып, өте маңызды жеңіске қол жеткізді. "Қайраттың" қақпасын 18 жастағы Шерхан Қалмұрза сенімді қорғап шықты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы