"Әрқайсысына көлік сыйлаймын!". Баян Алагөзованың күйеуі тосын мәлімдеме жасады

Сурет: Instagram/bayanmaxatkyzy
Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов "Қайрат" футбол клубының әр футболшысына "Реал Мадридті" жеңген жағдайда автокөлік сыйлауға уәде берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол өзінің продюссер-жұбайы әрі актриса Баян Алагөзованың 20 қыркүйекте Instagram-дағы парақшасында жариялаған видеосында мәлімдеді.

"Алматы күні – әрқайсымыз үшін ерекше мереке. Мен де барша қазақстандық патриоттар секілді сүйікті шаһарымыздың туған күнін атап өтудемін. Ал дәл 10 күннен кейін еліміздің басты мақтанышы – "Қайрат" әлемнің ең мықты клубтарының бірі "Реал Мадридпен" жасыл алаңға шығады. Елімнің азаматы ретінде әрі туған күнімнің қарсаңында мен мынадай уәде бергім келеді: егер "Қайрат" жеңіске жетсе, алаңға шыққан әрбір ойыншыға автокөлік сыйлаймын. Алматы – әлемнің астанасы, "Қайрат" – чемпион!", – деді кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов.

Айта кетейік, "Қайрат" пен аты аңызға айналған "Реал Мадрид" арасындағы тарихи кездесу 2025 жылдың 30 қыркүйегінде Алматыда өтеді. Бұл тек қазақстандық футбол үшін ғана емес, тұтас ел спорты үшін айтулы оқиға болмақ. 

Алматы
Алагөзова Баян

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты