"Қайрат" футбол клубының Instagram-дағы аккаунтында "Қайрат" пен "Реалдың" матчын тамашалауды армандаған, плакат ұстаған баланың суреті жарияланды.
2021 жылғы плакатта бала: "Чемпиондар лигасы аясында финалда "Қайрат" пен "Реал" кездеседі" деп жазды.
Сондай-ақ плакатта "Ешқашан болмайды деп ешқашан айтпа", - деп ағылшынша жазылған. Алматылық клуб бұл фотоның төрт жыл бұрын, 2021 жылы түсірілгенін нақтылайды.
"Біздің Рома есімді жанкүйеріміз командамызға сеніп артып, бұл плакатты 2021 жылдың жазында жасаған", - дейді клубтың баспасөз қызметі.
Бұл ретте желі қолданушыларының көбісі таңданысын жасыра алмай, тіпті Ромаға клуб аталған матчқа "VIP" орыннан орын ұсынып, арнайы шақырту жіберуі керектігін де айтыпты.