Жүзгіш Айбат Мырзамұратов Ислам ынтымақтастығы ойындарының екі дүркін қола жүлдегері атанды

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық жүзгіш Айбат Мырзамұратов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз бір жарыс күнінде екі финалда да сәтті өнер көрсетті.

Бұл жолы ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуден үшінші нәтиже көрсетіп, қола медальға ие болды. Айбат қашықтықты 01:02.11 уақыт көрсеткішімен жүзіп өтті.

Түркиялық Хуссейн Сакчи (01:01.26) жарыс жеңімпазы атанса, ал тағы бір түркиялық спортшы Нурсат Аллахверды (01:01.75) күмістен алқа тақты.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшы 200 метрге кешенді жүзуде үшінші орын алған еді.

Еске салайық, бұған дейін жүзгіш Әділбек Мусин Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

Тоқаев пен Рахмон Бірлескен мәлімдеме қабылдады