Ислам ынтымақтастығы ойындары: ауыр атлет Едіге Емберді қола медаль иеленді

Сурет: ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Қазақстандық зілтемірші Едіге Емберді IV Ислам ынтымақтастығы ойындарында жұлқа көтеруден үшінші орын иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы 79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде. Ол жұлқа көтеруде үшінші орынға ие болды. Едіге ең үздік мүмкіндігінде 152 келіні еңсерді. Осылайша қола медаль жеңіп алды, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Мысыр спортшысы Абдельрахман Эльсайед жеңімпаз атанды - 166 келі, ал әзірбайжандық Равин Алмаммадов екінші орынды иеленді - 155 келі.

Айта кетейік, серпе көтеру мен қоссайыстың қорытындысы бойынша да жеңімпаздар анықталады.

Бұған дейін Қазақстан жүзуден Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші рет алтын медаль жеңіп алғанын жазғанбыз. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды