Дастан Сәтпаев УЕФА рекордсмендері тізіміне тағы да алынды

Сурет: Instagram/kff_team
Алматылық "Қайрат" футбол клубының форварды Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының тарихындағы ең жас гол авторы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 жастағы ойыншы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчы аясында Астанада Қазақстан құрамасының Бельгияға қарсы ойынында өзінің алғашқы голын соқты.

Дастан Сәтпаев кездесудің 10-шы минутында есеп ашып, Қазақстан құрамасының рекордын жаңартты.

Ал Талғат Байсуфиновтың шәкірттері әлемнің үздік құрамаларының біріне қарсы осы матчты 1:1 есебімен тең аяқтады.

Сондай-ақ, біздің футболшылар ойын соңында азшылықта болды, өрескел бұзушылық үшін Ислам Чесноков алаңнан қуылды.

Сәтпаев үшін бұл Қазақстан құрамасы сапында тіркеген екінші рекорды екенін атай кеткен жөн. Бұған дейін ол ересектер құрамасына алынған тарихтағы ең жас ойыншы ретінде аталған.

2025 жылдың 10 ақпанында Дастан ресми түрде Лондонның "Челси" футболшысы атанды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды

Еліміз бойынша 11 маусымға арналған ауа райы болжамы