MMA Junkie мәліметінше, төбелес америкалық файтер Диллон Данис пен Хабиб Нурмагомедов командасының мүшелері, соның ішінде Абубакир Нурмагомедов пен Магомед Зайнуковтың арасында туындаған. Ал олардың төбелесі басталған кезде кеш жүргізушілері Джон Рокк, Джо Роган және Дэниел Кормье еш саспастан The Who тобының "Baba O 'Riley" әнін қойып, оқиға жайын талқылай жөнелген.
"Төбелеске нақты не түрткі болғаны белгісіз, бірақ ондаған адам, соның ішінде қауіпсіздік пен полиция қызметкерлері де оқиға ортасында болды", делінген материалда.
UFC-дің бизнесті дамыту жөніндегі директоры Хантер Кэмпбелл ашулы жігіттерді тыныштандыруға тырысты, ақырында күзетшілер оларды ажыратты.
Кейінірек баспасөз мәслихатында UFC басшысы Дана Уайт болған оқиғаға және қауіпсіздіктің бұзылуына өкініш білдірді. Бірақ ол аталған жайт бойынша ешкімнің ешқайсысына айып тақпайтынын мәлімдеді.
Дегенмен Диллон Даниске UFC іс-шараларына қатысуға біржола тыйым салынды. Ал ол UFC-дің экс-чемпионы Конор Макгрегордың командасын танытушы әрі оның досы екені белгілі.
Айта кетсек, UFC турнирінің басты оқиғасы - Ислам Махачевтің жартылай орта салмақтағы чемпион Джек Делла Маддаленамен болған титулдық жекпе-жегі. Махачев төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, UFC чемпионы атағын ұтып алды.