Қазақстандық биатлоншы Әлем кубогы кезеңінде екінші рет із кесу жарысына жолдама алды

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық биатлоншы Владислав Киреев Әлем кубогының жалпы есебінде кезекті ұпайларын еншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 12 желтоқсанда, Аустрияның Хохфильцен қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңі аясында ол 10 шақырымдық спринт жарысына қатысты.

Қазақстандық спортшы бір мәрте мүлт кетіп, мәреге 33-орынмен жетті. Бұл нәтиже оған сегіз ұпай әкелді. Қазір Владислав Киреевтің еншісінде 14 ұпай бар.

Осылайша, ол маусым барысында екінші рет із кесу жарысына жолдама алды. Сонымен қатар Әсет Дүйсенов те із кесу жарысына өтті. Ол спринтте 53-ші нәтижені көрсетті. Вадим Куралес 97-орынмен шектелді.

Италиялық Томмазо Джакомель жарыс жеңімпазы атанса, күміс жүлде франциялық Эрик Перроге бұйырды. Германия өкілі Филипп Хорн қола жүлдегер атанды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді