"Қайраттың" екі түлегі "Брюггеге" қарсы матчта дебют жасады

Сурет: "Қайрат" ФК
"Қайраттың" екі түлегі "Брюггеге" қарсы матчта негізгі командада дебют жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шабуылшы Мансұр Бірқұрманов клубтың Академиясында 2017 жылдан бері, ал Мұхамедәли Әбіш 2015 жылдан бері жаттығады.

Сурет: "Қайрат" ФК

Екі футболшы да толық дайындық циклінен өтіп, өткен маусымда "Қайрат-Жастарда" өнер көрсетті. Жақында олар клубтың негізгі командасымен бірге Абу-Дабидегі оқу-жаттығу жиынына қатысты.

18 жасында ойыншылар алғаш рет "Қайрат" сапында алаңға шықты. Әрі оны мықты қарсыласпен ойнаған Чемпиондар лигасының матчында жүзеге асырды.

Еске салайық, алматылық "Қайрат" UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі жетінші турында Астанада Бельгияның "Брюгге" (Брюссель) командасымен кездесіп, 1:4 есебімен есе жіберді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады