Абзал Әжіғалиев: Соңына дейін күресеміз, Олимпиада әлі біткен жоқ

Сурет: olympic.kz
10 ақпанда Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында ұлттық құрама шорт-тректен аралас эстафеталық жарыста өнер көрсетті. Нәтижесінде отандастарымыз жартылай финалға өте алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абзал Әжіғалиев жарыстан кейін өз әсерін бөлісті.

"Бүгін шорт-тректен алғашқы жарыс күні өтті. Аралас эстафетада өнер көрсеттік. Келесі кезеңге өте алған жоқпыз. Бірақ бұл жекелей сайыстың алдындағы сынақ деп ойлаймын. Сондықтан алда әлі жекелей жарыс бар. Біз соңына дейін күресеміз", - дейді Абзал Әжіғалиев.

Оның айтуынша, Олимпиада әлі біткен жоқ.

"Бұған дейінгі Олимпиадаларда тек 1-2 құрама болған еді. Қазір өздеріңіз көргендей тек қана Америка, Канада елдері ғана емес, сонымен қатар, Еуропа және Азия елдері жоғары деңгейде өнер көрсетіп жатыр. Осы додаға келген әрбір команда өте мықты. Сол себепті командалық жарыс өте қиын болады".Абзал Әжіғалиев

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы шорт-тректен 2026 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына өте алмағанын хабарлаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ҚР Атом энергиясы Агенттігінің атомдық қадағалау және бақылау комитеті туралы ереже бекітілді

Ұлттық банк инфляцияны 5 пайызға дейін төмендету үшін барлық шараны қабылдап көруде - Тимур Сүлейменов

Бір әулеттің 20 мүшесі сирек кездесетін генетикалық аурудан қайтыс болды