Олимпиада–2026: қанжығаға жүлде салғандарға Қазақстан қанша төлеуге дайын

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиадада алтын медаль үшін ең жоғары сыйақы төлейтін елдердің бестігіне кірді. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы ТМД кеңістігіндегі ең көп спортшы қатысқан команда атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатыр. Бұл дода тарихтағы ең ауқымды Олимпиадалардың бірі болуы мүмкін.

Биылғы Олимпиадаға мүлде қары жоқ елдердің спортшылары да қатысуда:

Бұл елдер қатарында:

Жалпы Италиядағы Олимпиадаға 93 елден 2871 спортшы қатысып, 16 спорт түрі бойынша жүлделерді сарапқа салады.

Ең көп спортшысы бар құрамалар

Милан мен Кортина-д’Ампеццодағы қысқы Олимпиадада ең көп спортшы жіберген ел – АҚШ. Америка құрамасы 233 спортшыдан (118 ер, 115 әйел) тұрады және бағдарламаның барлық 16 спорт түріне қатысады.

Екінші орында – Канада. Бұл елден 207 (кей деректерде 210) спортшы (99 ер, 108 әйел) 14 спорт түрі бойынша сынға түсуде.

Үшінші орында – жарыс қожайыны Италия. Алғашқы өтінімде 196 спортшы болса, қазір 190 спортшы (100 ер, 90 әйел) қатысуда. Олар да АҚШ секілді барлық 16 спорт түрінде бақ сынайды.

Қатысушылар саны бойынша көшбасшылар қатарына сондай-ақ: Германия (184–189 адам),Швейцария (175), Франция (162), Қытай (126), Жапония (120), Австрия (117), Чехия (114), Швеция (110), Финляндия (103) және Норвегия (80) кіреді.

Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша 24-орында. Ел намысын 36 спортшы қорғауда, оның 18-і әйел, 18-і ер адам.

Алтын медаль үшін ең жоғары және ең төмен сыйақылар

БАҚ пен ұйымдастырушылардың мәліметінше, алтын медаль үшін ең көп сыйақы Сингапурда төленеді. Бұл ел жалғыз қатысушысына 787 мың доллар төлеуге дайын.

Екінші орында – Гонконг. Онда алтын алған спортшыға (барлығы 4 спортшы қатысуда) 768 мың доллар беріледі.

Келесі орындарда: Польша – 355 мың доллар (60 спортшы), Қазақстан – 255 мың доллар (36 спортшы).

Бестікті Италия түйіндейді – жеңімпаздарына 233 мың долларға дейін төлеуге дайын.

Ал қысқы Олимпиадада көп спорт түрлері бойынша фаворит саналатын елдер, керісінше, жоғары сыйақы төлемейді.

Мысалы: Канадада (әсіресе шайбалы хоккейде фаворит) алтын алғандарға небәрі 15 мың доллар беріледі. АҚШ-та – 37,5 мың доллар. Германия мен Нидерландыда – 35 мың доллар. Норвегияда – 17 мың доллар. Данияда – 16 мың доллар.

Ең төмен сыйақы: Жаңа Зеландия – 3 мың доллар, Аргентина – 8 мың доллар, Австралия – 13 мың доллар.

Бұған дейін қазақстандық спортшылардың Олимпиаданың төртінші жарыс күнін қалай аяқтағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қытай
Қырғызстан
АҚШ
Елдерді Қазақстанмен салыстыру

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды

ЖТС мөлшерлемелері, мүгедектігі бар адамдарға арналған жеңілдіктер: жаңа Салық кодексінде не қарастырылған

Қазан айында Алматыда электр қуатының бағасы өсуі мүмкін

Синоптиктер еліміз бойынша 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Алматыда ашық аспан астында әскери техникалар музейі ашылды - фоторепортаж