Олимпиада-2026: Қазақстан спортшысы шаңғы қоссайысынан өз нәтижесін жақсартты

Сурет: ҚР ҰОК
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары аясында шаңғы қоссайысынан (қалыпты тұғыр) жарыстар аяқталды. Бұл спорт түрінде Қазақстан намысын Шыңғыс Ракпаров қорғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұғырдан секіру нәтижесі бойынша ол 35-орынға жайғасты. Шаңғы жарысында спортшы дәл осы орыннан, көшбасшыдан 2 минут 59 секунд айырмашылықпен жарыс жолына шықты.

Ракпаров 32-орында мәре сызығын кесіп, жеңімпаздан 8 минут 48,6 секунд артта қалды.

Норвегиялық Йенс Лураас Офтебро жарыста жеңіске жетті. Екінші орынды австриялық Йоханнес Лампартера, ал үшінші орынды финляндиялық Ээро Хирванен иеленді.

Айта кетейік, Шыңғыс Ракпаров Олимпиада ойындарында үлкен тұғырда да өнер көрсетеді.

Қысқы 2026 жылғы Олимпиаданың төртінші жарыс күнін қазақстандық спортшылар қалай аяқтағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жасанды интеллект қауқарсыз болды: Ford жұмыстан қысқарған инженерлерін қайта шақырды

Қазақстан сиыр етін экспорттауға алты айлық шектеу енгізбек