Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

Сурет: olympic.kz
Күрес федерациясының баспасөз қызметі Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкерінің есімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл қызметке Нұрсұлтан Теміров тағайындалды.

Ол 2014 жылы жаттықтырушы мансабын бастаған. Әр жылдары жасөспірімдер және жастар құрамасының, сонымен қатар, ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы қызметін атқарған. Үш жыл бойы әйелдер күресінен мемлекеттік жаттықтырушы болып еңбек етті.

Сондай-ақ әлем чемпионатының 4 дүркін жүлдегері Жәмилә Бақбергенова және тағы басқа балуандарды тәрбиелеген.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасының бас бапкері қызметін Қайрат Сағадиев атқарған еді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады