Сенсация! Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қысқа бағдарлама қорытындысында Шайдоров 92,94 ұпай жинап, бесінші орында тұрды.

Ал еркін бағдарламада қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен 198,64 ұпай жинап, жалпы есепте 291,58 ұпайға қол жеткізді. Бұл бағдарламада ол бес бірдей төрттік секіруді сәтті орындады.

Осы нәтижесінің арқасында Михаил Шайдоров жеңіс тұғырының биігіне көтеріліп, Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды.

Екінші орынды жапониялық Юма Кагияма иеленді – 280,06 ұпай. Шун Сато (Жапония) үздік үштікті түйіндеді – 274.90 ұпай.

Осылайша Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарына тарихында екінші алтын медалін жеңіп алды. Бұған дейін Олимпиада ойындарында еліміз атынан алғаш рет жеңіс тұғырынан көрінген спортшы – 1994 жылы алтын медаль алған шаңғышы Владимир Смирнов еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қазақстанда вейптердің заңсыз айналымынан 276 мыңнан астам өнім тәркіленді

Автокөлік жеткілікті – Қазақстан автобизнес қауымдастығы автонесие туралы

Бейсенбіде еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады