Бублик тартысты өткен ойында үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті – 6:4, 6:7 (4:7), 7:6 (7:3).
Кездесу екі сағат 45 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші матч барысында 10 эйс жасап, 7 рет қос қателікке жол берді. Ал испаниялық спортшының еншісінде 8 эйс және 1 қос қателік бар.
Бұл – Александрдың биылғы маусымдағы 11-жеңісі. Келесі кезеңде ол Феликс Оже-Альяссиммен кездеседі.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Анна Данилина қатарынан екінші рет финалға шыққанын хабарлаған едік.