Анна Данилина қатарынан екінші рет финалға шықты
Сурет: ktf.kz
Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина биылғы маусымда жоғары деңгейдегі ойын көрсетуін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дохада өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінің жартылай финалында Анна сербиялық Александра Круничпен бірге Дабровски/Стефани жұбын сенімді түрде жеңді. Есеп — 6:3, 6:4.
Данилина үшін бұл — Australian Open додасынан кейінгі ірі жарыстардағы қатарынан екінші финал. Отандасымыздың мұндай тұрақтылығы оның әлемдік деңгейдегі шеберлігін дәлелдейді.
Бас жүлде үшін Данилина мен Крунич Се Шувэй/Остапенко жұбымен ойнайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript