Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жеке рекордын жаңартып, Олимпиадада үздік ондыққа енді

Сурет: olympic.kz
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында сайыстар аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төртжылдықтың басты додасында Қазақстан намысын Софья Самоделкина қорғады.

Қысқа бағдарламадан кейін мәнерлеп сырғанаушы 12-орында тұрған еді. Еркін бағдарламада Самоделкина төрешілердің шешімімен 138.99 ұпай жинады. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша 207.46 ұпай еншілеп, жеке рекордын жаңартты. Нәтижесінде қазақстандық спортшы оныншы орынға ие болды.

Алиса Лью (АҚШ) 226.79 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды. Екінші орынды Каори Сакамото (Жапония) иеленді – 224.90 ұпай. Ами Накаи (Жапония) 219.16 ұпаймен қола медальға ие болды.

Айта кетейік, ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады