Қазақстан конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінде 13 медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Аталған байрақты бәсекеде ұлттық құрама 13 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Кристина Шумекова 1000 және 3000 метр қашықтықтарда топ жарды.

Нео-сеньорлар арасындағы 1000 метрде жүлделер толықтай қазақстандық спортшыларға бұйырды. Инесса Шумекова бірінші орын алды, Дарья Важенина екінші болды, ал Алина Дауранова үздік үштікті түйіндеді. 

Сондай-ақ Қазақстан (нео-сеньорлар) әйелдер арасындағы командалық спринтте жеңіске жетті.

Андрей Семёнов 1000 метрде (нео-сеньорлар) күміс жүлдеге ие болды. Ал әйелдер арасындағы командалық спринтте Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші орын алды.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы командалық спринтте (нео-сеньорлар) қола медальға ие болды.

Нео сеньорлар арасында 500 метр қашықтықта Алина Дауранова үздік атанды. Дәл осы қашықтықта Инесса Шумекова күміс жүлде алды.

1500 метр қашықтықта жасөспірімдер арасында Анастасия Беловодова үздік үштікті түйіндеді. Дәл осы қашықтықта нео сеньорлар арасында Мария Деген алтын медаль жеңіп алды.

Бұған дейін Нариман Құрбанов Германияда қола медаль иеленгенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды