Странджа кубогы: әйелдер арасында алты боксшы жартылай финалға өтті

Сурет: olympic.kz
Болгарияның София қаласында бокстан Странджа кубогы өтіп жатыр. Әйелдер арасында өткен ширек финалдық бәсекелердің нәтижесінде алты отандасымыз турнирдің финалына шығу үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әнел Сақыш, Элина Базарова (54 келіге дейін), Лаура Есенкелді (65 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін), Валерия Аксенова және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті. 

80 келіге дейінгі салмақта Надежда Рябец жеребенің нәтижесінде тікелей финалға өтті.

Ал Әйгерім Сәттібаева, Әнел Құдайберген (48 келіге дейін), Жайна Шекербекова (54 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін), Римма Волосенко, Виктория Графеева (60 келіге дейін), Бақыт Сейдіш, Мадина Нұршаева (70 келіге дейін) және Мария Сидоренко (75 келіге дейін) турнирді 1/4 финалда аяқтады.

Айта кетейік, 27 ақпанда ерлер құрамасы ширек финалда сынға түседі.

Қазақстандық балуан қыздар Еуропада тартысты белдесулер өткізуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз