Қазақстандық балуан қыздар Еуропада тартысты белдесулер өткізуде

Қазақстандық балуан қыздар Еуропада тартысты белдесулер өткізуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2026 13:42 Сурет: Instagram/kazakhstan__wrestling/laurito_99
Қазақстан әйелдер күрес құрамасы Албания астанасы Тирана қаласында өтіп жатқан Мұхамет Малоны еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысуда. Жарыс 25 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz мәліметінше, әзірге қазақстандық спортшылар жүлдеге қол жеткізген жоқ. Алайда олар қазірдің өзінде жақсы нәтиже көрсетіп үлгерді.

50 келі салмақтағы Марал Тәңірбергенова мен 55 келідегі Шұғыла Өмірбек алғашқы белдесулерінде жеңіліп, жарысты ерте аяқтады. Ал 50 келіде сынға түсіп жатқан Зейнеп Баянова мен 55 келідегі Лаура Әлмағанбетова жүлде үшін күресті жалғастыруда. Екеуі де жартылай финалға жолдама алды.

Зейнеп Баянова алғашқы кездесулерінде америкалық Кендра Райанды 10:0 есебімен, жапониялық Ми Накамураны 8:7 есебімен жеңді. Ал Лаура Әлмағанбетова үндістандық Пушпаны 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Финалға шығу үшін Баянова үндістандық Мусканмен белдессе, Әлмағанбетова германиялық Анастасия Блайваспен күш сынасады.

Бұған дейін қазақстандық шахматшының Үндістан мен Ресейде жеңіске жеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: