Қазақстандық спортшыларға Олимпиада стипендиясының алғашқы төлемі аударылды

Сурет: olympic.kz
2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпиада ойындарына дайындық аясында Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) жеке стипендиялық бағдарламасына енген қазақстандық спортшыларға алғашқы қаржылық төлем жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әрбір спортшыға 2500 АҚШ доллары көлемінде қаражат берілді.

Аталған бағдарлама Олимпиадаға іріктеу кезеңі мен дайындық барысында спортшыларға қаржылай қолдау көрсетуге бағытталған. Қазақстандық атлеттердің стипендия иегерлері қатарына қосылуына Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті бастамашы болды. ҰОК ұлттық федерациялармен және ХОК-пен бірлесіп жұмыс жүргізіп, өтінім беру процесін толық үйлестірді.

Стипендия 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген жеке спорт түрлерінде бақ сынайтын спортшыларға беріледі. Іріктеу барысында үміткерлердің нәтижелері, Олимпиадаға жолдама алуға мүмкіндігі және жоғары нәтиже көрсету әлеуеті басты назарға алынды. Сонымен қатар допингке қатысты ереже бұзушылықтардың болмауы және Олимпиадалық хартия талаптарына қайшы келетін жайттардың жоқтығы маңызды талаптардың бірі болды.

Бөлінген қаражат оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, жеке дайындыққа, жаттықтырушылар мен мамандардың еңбекақысын төлеуге, медициналық және ғылыми қолдауға, сақтандыруға, сондай-ақ, тұру мен тамақтану шығындарын өтеуге жұмсалуы мүмкін. Қаржының жұмсалуы белгіленген тәртіпке сай тұрақты түрде есепке алынады.


"2028 жылғы Олимпиадаға дайындық кезеңі басталды. Әрбір дайындық сатысының маңызы зор. Бұл стипендия спортшыларға жаттығу жоспарын жүйелі құрып, іріктеу жарыстарына тыңғылықты әзірленуге көмектеседі. Нәтижесінде олар көздеген көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік алады", - деп мәлімдеді Қазақстан ҰОК.

Қазақстан атынан стипендия иегерлері атанған спортшылар:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады