Қазақстанның екінші ракеткасы Майамидегі "Мастерс" турнирінде сенсация жасады

Сурет: Instagram/shevchenkoo_17
22 наурызға қараған түні қазақстандық теннисші Александр Шевченко (ATP рейтингінде 84-орын) Майамидегі ATP 1000 санатындағы ірі турнирдің екінші айналымында әлемнің 9-ракеткасы америкалық Бен Шелтон-ды сенсациялық түрде жеңді - 6:7 (3:7), 7:6 (7:3), 6:3, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл Қазақстан құрамасының екінші нөмірлі ойыншысы үшін мансабындағы ең үздік матчтардың бірі деуге болады. Ол көптен бері әлемдік теннис элитасына қосылуға талпынып жүрсе де, әрдайым түрлі кедергілерге тап болатын.

Ал бұл жолы Майами корттарында нағыз серпіліс жасап, 2 сағат 22 минутқа созылған кездесуде атақты қарсыласынан басым түсті.

Енді Александр Шевченко турнирдің үшінші айналымында франциялық Юго Юмберге (ATP рейтингінде 34-орын) қарсы ойнайды.

Бұл сенсациялық жеңіс қазақстандық жанкүйерлерге біраз үміт сыйлады. Өйткені бұған дейін Александр Бублик, Юлия Путинцева және Анна Данилина турнирдің бастапқы кезеңдерінде-ақ жарыстан шығып қалған еді.

АҚШ
Қазақстан
Шевченко Александр

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады