Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина (әлемнің 2-ші ракеткасы) Miami Open турнирінің үшінші кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерлесіміз екі сет қорытындысы бойынша Украина өкілі Марта Костюкті (WTA рейтингісінде 27-орын) қапы қалдырды.Кездесу 6:3, 6:4 есебімен Рыбакинаның сенімді жеңісімен аяқталды.

Елена өз соққыларына нық болып, маңызды сәттерде басымдық таныта білді, бұл оған матчты екі партияда аяқтауға мүмкіндік берді.

Майами турнирінің ширек финалына жолдама алу үшін Елена Рыбакина аустралиялық теннисші Талия Гибсонмен (WTA рейтингісінде 68-орын) күш сынасады.

Еске салайық, бұған дейін Әмір Омарханов Тунистегі ITF M15 турнирінің чемпионы атанған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты