Бокстан АЧ-2026: өзбекстандық қарсыласын жеңген Махмұд Сабырхан жартылай финалға өтті

Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Махмұд Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында өзбекстандық Шахзод Музафаровпен қолғап түйістірді.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Махмұд Сабырхан 3:2 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Айта кетейік, бұған дейін күндізгі сессияда Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) жартылай финалға жолдама алған еді.

Бұған дейін Тайпей өкілін жеңген Ертуған Зейнуллинов ширек финалда қырғызстандық Мирзохид Имамназаровпен кездесетінін жазғанбыз. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін