Әлемдік теннис элитасы "Ролан Гаррос-2026" турниріндегі жүлде қоры бойынша шағым білдірді

Сурет: Instagram/atptour
Әлемнің үздік 20 теннисшісінен құралған топ, олардың арасында ерлер де, әйелдер де бар, "Ролан Гаррос-2026" ашық чемпионатындағы жүлде қорының мөлшеріне көңілдері толмайтынын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл хатқа қол қойған спортшылардың қатарында Новак Джокович, Янник Синнер, Карлос Алькарас, Арина Соболенко, Даниил Медведев, Андрей Рублёв, Мирра Андреева және тағы басқа әлемнің үздік теннисшілері бар.

17 сәуірде "Ролан Гаррос" ұйымдастырушылары жалпы жүлде қорының мөлшерін жариялаған. Ол өткен жылмен салыстырғанда 9,53%-ға өскен.

Алайда турнир кірісіндегі ойыншыларға тиесілі үлес 15%-дан төмен деңгейде қалып отыр. Теннисшілер бұған дейін бұл көрсеткішті ATP және WTA турнирлеріндегі тәжірибеге сәйкес 22%-ға дейін көтеруді сұраған.

Олар өз мәлімдемесінде 2025 жылы "Ролан Гаррос" 395 миллион еуро табыс тапқанын, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 14%-ға көп екенін атап өтті. Соған қарамастан, жүлде қоры тек 5,4%-ға ғана артқан, ал ойыншылардың үлесі 14,3%-ға дейін төмендеген.

"Ролан Гаррос" ашық чемпионаты 24 мамыр мен 7 маусым аралығында өтеді. Жекелей сында жеңімпаздар 2,8 миллион еуро, ал жұптық сында 600 мың еуро алады.

Бұған дейін Елена Рыбакинаның WTA чемпиондық жарысында Арина Соболенконы басып озғанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған