Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева үстел теннисінен Түркиядағы турнирде қола жүлде иеленді

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық үстел теннисшілері Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен WTT Feeder Istanbul турнирінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз аралас жұптық бәсекеде қола медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында қазақстандық жұп Хакан Ышық/Өзге Йылмаз (Түркия) жұбын 3:2, Эдвард Ли/Мо Чжан (Канада) тандемін 3:0, сондай-ақ Анастасиос Риниотис/Элисавет Терпу (Грекия) жұбын 3:1 есебімен жеңді.

Алайда финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде Чхве Дживук/Ким Ынсо (Оңтүстік Корея) жұбына 1:3 есебімен есе жіберіп, турнирді қола медальмен аяқтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қырғызстандық студенттерді заңсыз криптовалюта операцияларына тартқан

Бас прокуратура мәслихат сайлауы қарсаңында мәлімдеме жасады

27 қарашадағы валюта бағамы – Астана мен Алматының ақша айырбастау пункттеріндегі баға

Алматыда бес адамның өмірін қиған өрт туралы жаңа мәліметтер белгілі болды

Тоқаев AI Journey 2026 халықаралық жасанды интеллект конференциясында не айтты