Бибісара Асаубаева Норвегиядағы жарыста екінші орынға сырғыды

Сурет: instagram/fide_chess
Норвегияда демалыс күнінен кейін беделді Norway Chess шахмат турнирі қайта жалғасты. Төртінші турда қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева Қытайдың әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, классикалық форматтағы негізгі партия тең аяқталды. Алайда "армагеддон" мини-матчында Асаубаева басым түсіп, жалпы есепке 1,5 ұпай қосты.

Бесінші турда қазақстандық шахматшы украиналық Анна Музычукке қарсы ойнады. Бұл жолы да классикалық партия тең нәтижемен аяқталды, бірақ армагеддондағы тай-брейкте қарсыласы жеңіске жетті.

Турнир регламентіне сәйкес, Музычук 1,5 ұпай еншілесе, Асаубаева осы ойын күнінде 1 ұпаймен шектелді. Соның салдарынан қазақстандық шахматшы турнир кестесінде екінші орынға түсіп, көшбасшылықты үндістандық Дивья Дешмухқа беріп қойды.

Қазіргі уақытта Асаубаева жаңа көшбасшыдан небәрі жарты ұпайға қалып келеді және турнирде жалпы жеңіске жетуге әлі де мүмкіндігі бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін