Футболдан ӘЧ-2026: Винисиус Бразилия құрамасына ірі жеңіс сыйлады

Сурет: Instagram/fifaworldcup
2026 жылдың 20 маусымында таңертең Филадельфияда (АҚШ) футболдан Әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші туры аясында С тобының матчы өтіп, Бразилия құрамасы Гаити командасын 3-0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Реал Мадридтің" шабуылшысы Винисиус Джуниор аталған матчта үздік ойыншы деп танылды, оның қақпаға салынған барлық үш голда үлесі болды.

Екі жағдайда ол өзінің командалық серіктесі Матеус Куньяға нәтижелі пас берді. Ал бірінші таймда берілген қосымша уақытта Винисиус өз мүмкіндігін сәтті жүзеге асыра білді. Осылайша, Бразилия қазіргі мундиалдағы алғашқы әрі ірі жеңісіне қол жеткізді. Есеп - 3-0.

Бұл арада 2026 жылғы Әлем чемпионатында өз командасына тиесілі барлық төрт голға қатысы бар Винисиусқа жеке-дара тоқтала кетелік. Қазір ол осы турнирдің екі матчынан кейін 3 (2+1) ұпай жинап үлгерді. Бұған дейін бразилиялық Марокко құрамасының қақпасына гол соққан болатын. 

"Барлығы үшін өте маңызды сәт - жеңіс келесі ойын алдында сенімділік пен сабырлық әкеледі. Гол соғу және пас беру мүмкіндігі маған ұлттық құрама сапында қол жеткізгім келетін деңгейге жетуге көмектеседі. Әлі жақсартуды талап ететін көп нәрсе бар, бірақ бұл екі ойын бізге өз қабілеттерімізге сенімділік береді. Мен тек голдармен ғана емес, осы матчта жасаған өзге де жұмысыммен де құрамаға үлес қосқым келеді. Командам үшін өзімнің маңызды екенімді білемін, егер жақсы қалыпта болсам, онда ұлттық құраманың ойынына үлкен үлес қоса аламын. Жанкүйерлер мен отбасыларымызға қуаныш сыйлағымыз келеді, ал бұл ойындар солардың бірі болды". Винисиус Джуниор

Бес дүркін Әлем чемпиондары үшін үлкен қуаныш әкелген бұл матчтардың бірінде тағы бір жұлдызды спортшы Рафиньян жеңіл жарақат алды. Ол Гаитиге қарсы матчты аяқтай алмады және бірінші таймның соңында ауыстырылды.

"Бірінші таймда олар жақсы ойнады, шабуылда тиімдірек әрекет етті. Одан соң ойында көбірек басымдықты өз қолдарына алды. Бірақ бізде гол соғуға жеткілікті сәттер болды. Қазір плей-офф туралы ойламаймыз да, бірақ жақсы ойнау - басты мақсат, онда да Шотландияға қарсы ойында сәтті өнер көрсетуді, жеңіске жетуді және мүмкін болса, топта бірінші орын алуды көздейміз. Олардың өз жақсы жақтары бар және ол Мароккоға қарсы матч сияқты қиындықтар тудыруы мүмкін. Сабырлы болып, салқынқандылықты сақтап, өз жұмысымызды жалғастыру маңызды. Барлық матч күрделі, біз барлық командалармен бәсекелесе аламыз деп сенеміз". Карло Анчелотти

Осылайша, Бразилия құрамасы 2026 жылғы Әлем кубогының екі турынан кейін С тобында төрт ұпаймен көш басында тұр. Бұл ұпайға осы квартеттің екінші командасы - Марокко да ие, олар Шотландияны жеңген болатын (1:0).

Үшінші кездесуде Бразилия Шотландияға қарсы, ала Марокко Гаитиге қарсы ойнайды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қосымша табыс тапқаны үшін балалы ана мемлекеттен төленетін әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін бе

Мемлекеттік басшысы кәсіби мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады