Бокстан әлем кубогы кезеңі: Санжар Тәшкенбай алтын медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының боксшысы Санжар Тәшкенбай Қытайдың Гуйян қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық былғары қолғап шебері 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.

Финалда Тәшкенбай Өзбекстан өкілі Асылбек Жалиловты төрешілердің тең бөлінген шешімімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт алтын медаль бар.

Бұған дейін Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін) және Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) өз салмақ дәрежелерінде чемпион атанған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған