Марокко пенальтилер сериясында Нидерландыны жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Сурет: Instagram/equipedumaroc
30 маусымға қараған түні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңінің тағы бір қатысушысы анықталды. Марокко құрамасы Нидерландыны пенальтилер сериясында жеңіп (негізгі және қосымша уақыт – 1:1, пенальти – 3:2), келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу Мексиканың Монтеррей қаласындағы "Эстадио BBVA" стадионында өтті. Матчтың бірінші таймында екі команда да есеп аша алмады. Ал үзілістен кейін Нидерланды құрамасының шабуылшысы Коди Гакпо өз командасын алға шығарды.

Алайда төреші қосқан қосымша уақыттың соңында Марокко құрамасының ойыншысы Исса Диоп таразы басын теңестіріп, матчты қосымша уақытқа ұластырды.

Экстра-таймдарда да жеңімпаз анықталмаған соң, ойын тағдыры пенальтилер сериясында шешілді. Бұл жолы сәттілік Африка құрамасына серік болып, Марокко 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Пенальтилер сериясында Марокко сапынан Суфьян Раими, Шамсдин Тальби және Исмаэль Сайбари мергендік танытты.

Бұған дейін Парагвай сенсация жасап, Германияны жарыс жолынан ысырғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін