Әлем чемпионатындағы масқара! Аты аңызға айналған футболшы Германия құрамасын аяусыз сынға алды

Сурет: Instagram/j_klinsmann
Өткен түнде қазіргі әлем чемпионатының фавориттерінің бірі - Германия құрамасы жарыстан тыс қалып, плей-оффтың бірінші раундында Парагвай командасынан сенсациялық жағдайда ұтылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Осы сәтсіздіктен кейін "Бундестим" мен оның бапкері Юлиан Нагельсманн атына көптеген жағымсыз пікірлер легі лап қойды.

Неміс футбол тарихындағы аңызға айналған ойыншылардың бірі, 1990 жылғы Әлем чемпионы Юрген Клинсманн да шетте қалмай, аталған жағдайға қатысты өз ойын білдірді.

"Германияның ұшып кетуі - ұят жағдай, құрамамыз балшыққа белшесінен батып жатқаны бұл. Команда ойынды 120 минут басқаруға дайын болмады, ол жеткілікті жігерлі және агрессивті болмады. Олар бұл қиын ойын болатынын білді, біз пенальти сериясына дайын болмаған сияқтымыз, өйткені бұл біз үшін ақылға сыйымсыз дүние, өйткені біз, әдетте пенальти серияларын жақсы көреміз. Тарих, 2022 және 2018 әлем чемпионаттары кезіндегі жағдай қайталануда". Юрген Клинсманн

30 маусымға қараған түні төрт дүркін Әлем чемпионы 2026 жылғы Әлем кубогының 1/16 финалы аясында FIFA рейтингі бойынша 41-орындағы Парагвайдан ұтылды (1:1, пен. 3:4).

Ал Парагвай плей-оффтың екінші раундында Франция – Швеция матчында жеңіске жеткен командамен өзара күш сынасатын болады.

Бұған дейін Голландияда марокколық жанкүйерлердің жеңіс тойы жаппай тәртіпсіздікке ұласқанын жазғанбыз.

Германия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Қазақстандықтарға несие алаяқтығынан қорғану үшін маңызды қызметті дереу іске қосуды ұсынды

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз – Тоқаев