Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Сурет: Ескек есу спорты түрлерінен ұлттық федерацияның баспасөз қызметі
Бүгін Жапонияның Киото қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден марафон бойынша VI Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz ескек есу спорты түрлерінен Ұлттық федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан командасының спортшылары екі алтын медаль жеңіп алды. Ерлер арасында байдаркамен 3400 метр жарыста Кирилл Тубаев мәреге бірінші болып жетті. Нәтижесі: 14:54.166 секунд.

Жүлдегерлер:

1. Кирилл Тубаев (Қазақстан)

2. Пак Чжу Хён (Оңтүстік Корея)

3. Чан Ван Зань (Вьетнам)

Каноэ бәсекесінде Полат Төребеков те тамаша өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Нәтижесі: 17:13.493 секунд.

Жүлдегерлер:

1. Полат Төребеков (Қазақстан)

2. Кокадзи Такаюки (Жапония)

3. Такэнака Иссэй (Жапония)

Енді 7 тамызда қазақ спортшылары 10 000 метр қашықтықтағы марафон жарысында бақ сынайды. Биылғы Азия чемпионатына 10 мемлекеттен 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Қазақстан намысын Кирилл мен Полат қорғайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Виза үшін 20 мың долларға дейін: АҚШ 50 ел азаматына тұрақты кепілдік енгізеді

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

ШҚО-да су бетіне сапбордпен шыққан екі шетелдік қиын жағдайға тап болды