ҚФФ Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерінің есімін жарияламақ

ҚФФ Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерінің есімін жарияламақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2026 18:45 Сурет: ҚФФ
2026 жылғы 7 тамызда Астанада Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін таныстырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚФФ баспасөз қызметінің мәліметінше, таныстырылым аясында федерацияның бас хатшысы Скотт Манн мен Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Әлемдік футбол тәжірибесіне сүйенсек, көп жағдайда жаңа бапкердің есімі ресми жарияланардан шамамен бір апта бұрын-ақ белгілі болып қояды.

Алайда бұл жолы ҚФФ соңғы сәтке дейін құпияны сақтауға ниетті. Сондықтан қазір атақты әрі танымал мамандардың қайсысы бос жүргенін немесе бізге жақсы таныс жергілікті бапкерлердің бірі тағайындала ма деген болжам ғана жасауға тура келеді.

Белгілі болғандай, Талғат Байсуфинов қызметінен кеткеннен кейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері лауазымы бос тұрған еді.

Ал қыркүйекте УЕФА Ұлттар лигасының ойындары өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: