ШҚО-да су бетіне сапбордпен шыққан екі шетелдік қиын жағдайға тап болды
Сурет: magnific.com
Шығыс Қазақстан облысында ТЖМ құтқарушылары Бұқтырма су қоймасында екі ресейлік азаматқа көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Акваторияны патрульдеу барысында құтқарушылар қатты желдің салдарынан екі демалушы отырған сапбордтың аударылып кеткенін байқады. Соның салдарынан 1988 жылы туған ер адам мен 2014 жылы туған бала суға құлаған.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, зардап шеккендерді құтқарып оларды жағаға жеткізді.
Құтқарылған азаматтар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Бұған дейін Ақтауда теңіз бетінде кісі толы қайық аударылғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript