Ақтауда теңіз бетінде кісі толы қайық аударылды

Теңіз, Ақтау, қайық, аударылу, видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2026 20:22 Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде кісі толы қайықтың аударылу сәті таспаланған видео жарияланды. Бұл оқыс оқиға 28 шілдеде Ақтау қаласында болғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жіберілген заң бұзушылықтарға байланысты кінәлі тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 582-бабының 2-бөлігі, 583-бабының 2-бөлігі және 582-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Құқық бұзушыларға тиісті әкімшілік айыппұлдар салынғаны да нақтыланады.

ТЖМ судағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салады.

Шағын көлемді кемелердің иелері мен жолаушыларына белгіленген жолаушылар сыйымдылығынан аспау, құтқару кеудешелерін міндетті түрде кию және кеме қатынасы талаптарын қатаң сақтау ұсынылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: