Көптен күткен дүбірлі той: Роналду Джорджинамен шаңырақ көтерді

Сурет: instagram/GeorGinaGio
41 жастағы португалиялық футболшы Криштиану Роналду мен 32 жастағы модель Джорджина Родригес ресми түрде ерлі-зайыпты атанды. Үйлену тойы 2026 жылғы 11 тамызда Португалияның Кашкайш қаласында өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

People басылымының жазуынша, неке қию рәсімі жеке әрі шағын форматта өткен. Оған ерлі-зайыптылардың бес баласы да қатысты.

Салтанатты шарадан кейін Роналду әлеуметтік желіде өздерінің неке жүзіктері тағылған қолдарының суретін жариялады.

Айта кетсек, әйгілі спортшы сүйіктісіне осыдан бір жыл бұрын – 2025 жылғы 11 тамызда үйленуге ұсыныс жасаған. Бұл туралы модель өзінің желідегі парақшасында ірі сопақ пішінді гауһар тасы бар жүзігін жариялай отырып хабарлады.

Бүгінде жұп бес бала тәрбиелеп отыр: 16 жастағы кіші Криштиану, 9 жастағы егіздер Ева Мария мен Матео, сондай-ақ 8 жастағы Алана және 4 жастағы Белла. 2022 жылғы сәуірде олар жаңа туған ұлы – Белланың сыңары – Анхельдің шетінеп кеткенін хабарлаған.

Роналду Родригеспен 2017 жылы танысты. Ол кезде Джорджина Gucci дүкенінде сатушы болып жұмыс істеген. Көп ұзамай жұп көпшілік алдына бірге шыға бастап, кейін қарым-қатынасын әлеуметтік желіде ресми түрде растады.

Бұған дейін жазғанымыздай, 8 тамызда Криштиану Роналдуның мыңдаған жанкүйері Мадейра аралындағы Фуншал қаласындағы шіркеуге жиналды. Адамдар тобы онда сүйікті спортшысының үйлену тойы өтіп жатыр деген ойға келген. Осылайша, өзге жұптың мерекелік шарасының күл-талқанын шығаруға шақ қалды.

Қызықты
Роналду Криштиану

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Жасанды интеллектке сенген қытайлық фермер 10 гектар жердегі егінін жойып алды

Басып озамын деп басына қауіп төндірді: Ақтөбеде 11 жүргізуші жауапқа тартылды

Магистратура грантына кімдер таласа алады