Роналдуның жанкүйерлері өзгенің тойының шырқын бұзды - оған желідегі той жайлы жалған ақпарат себеп болған

Роналдуның жанкүйерлері өзгенің тойының шырқын бұзды - оған желідегі той жайлы жалған ақпарат себеп болған , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2026 11:39 Сурет: dailymail
8 тамызда Криштиану Роналдуның мыңдаған жанкүйері Мадейра аралындағы Фуншал қаласындағы шіркеуге жиналды. Адамдар тобы онда сүйікті спортшысының үйлену тойы өтіп жатыр деген ойға келген. Осылайша, өзге жұптың мерекелік шарасының күл-талқанын шығаруға шақ қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Футболшының жанкүйерлері арасында Роналду дәл осы күні аталмыш жерде үйленеді деген ақпарат тараған. Алайда, онда спортшының емес, өзге жұптың неке қию рәсімі өтіп жатқан.

Роналдуның жанкүйерлері өзгенің тойының шырқын бұзды – оған желідегі той жайлы жалған ақпарат себеп болған , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2026 11:39

Сурет: X/TouchlineX

ESPN басылымының жазуынша, жас жұбайлар қарапайым жергілікті тұрғындар – Николь мен Фабио болып шықты. Олар өздерінің үйлену тойы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының назарына ілігеді деп ойламаған.

Желіде желдей ескен ақпаратпен Роналдуда хабардар болды. Футболшы жергілікті JM Madeira басылымының Instagram желісіндегі жазбасына пікір қалдырып, бес рет күлетін смайлик жіберген.

Роналдуның жанкүйерлері өзгенің тойының шырқын бұзды – оған желідегі той жайлы жалған ақпарат себеп болған , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2026 11:39

Сурет: instagram/jm_madeira

"Біз мұнда бұрын-соңды мұндай жағдайды көрген емеспіз. Қалыңдықтың шіркеуге кіріп, үйлену рәсіміне қатысуының өзі қиын болды", – деп жазды ғибадатхананың әлеуметтік желідегі парақшасы.

Бұған дейін Роналду ойнайтын Сауд Арабиялық клуб қаржылық дағдарысқа тап болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: