"Чарльтон Атлетик" стадионында ер адамның денесі табылды

Сурет: pixabay
Ағылшынның "Чарльтон Атлетик" футбол клубының "Вэлли" стадионында 18 тамызда таңертең өлі адамның денесі табылды. Бұл ақпаратты клуб растап, оқиға орнында полицейлер болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Команда сайтындағы ақпаратқа сәйкес, құқық қорғау органдары өкілдері дүйсенбінің таңында анықталған жағдайға байланысты стадионға келген. Ер адамның өлі денесі табылып, оқиға орнына келген дәрігерлер оның өлі күйде екенін растады.

Оқиғаның мән-жайы әзірге анықталып жатыр. Полиция қандай дa бір ақпаратқа ие немесе оқиға куәгері болғандардың барлығын қозғалған істің 2809/18AUG нөмірін атап, 101 нөміріне хабарласуға шақырды.

"Чарльтон Атлетик" қаза тапқан адамның отбасына, достары мен жақындарына көңіл айтты. Клуб өкілдерінің бұл оқиғаға қатысы бар деп болжауға ешқандай негіз жоқ екенін баса атап өтті. Сондай-ақ басшылық қызметкерлерге қиын жағдайда танытқан кәсібилігі үшін алғыс білдірді.

Бұған дейін Астанада футболдан жаттығу кезінде қақпа құлап, 9 жасар бала жарақат алғанын жазғанбыз.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін