ESPN мәліметінше, әлемнің бұрынғы 13-ракеткасы Халықаралық теннистегі адалдық агенттігі (ITIA) оның кокаинді жарыстан тыс уақытта қолданғанын анықтағаннан кейін спортқа қайта оралуға рұқсат алды.
31 жастағы теннисші, 2022 жылғы "Уимблдон" финалисі, өткен жылдың маусым айында Испанияның Майорка аралында өткен ATP 250 турнирі кезінде кокаинге тапсырған тестінен оң нәтиже алған. Осыдан кейін бір ай бұрын ол жарыстардан белгісіз мерзімге шеттетілген болатын.
Енді оған 4 қыркүйектен бастап халықаралық турларға қайта қатысуға ресми түрде рұқсат берілді. Соңғы екі жылда ол небәрі үш турнирге қатысқан. Бұған екі рет ота жасауды қажет еткен тізе мен білек жарақаттары кедергі болған.
Айта кетейік, егер тест жарыс кезінде алынған болса, Кирьос төрт жылға дейін спорттан шеттетілуі мүмкін еді.
ITIA оған үш айлық дисквалификация тағайындаған. Алайда бекітілген оңалту бағдарламасынан өту шартымен бұл мерзім бір айға дейін қысқартылды.
Ал жақында Бразилия құқық қорғау органдары өзін танымал жаттықтырушы ретінде таныстырып, футболшылардан ақша бопсалаған алаяқты ұстады.