Рыбакина Соболенко мен Андрееваны маусым рейтингінде басып озды

Сурет: instagram/LenaRybakina
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA маусымының аралық қорытындысында Беларусь өкілі Арина Соболенко мен ресейлік Мирра Андрееваны басып озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл рейтингте маусым барысында турнирлерде ең көп жеңіске жеткен теннисшілер анықталған.

Көрсеткіш бойынша америкалық Джессика Пегула (WTA рейтингінде 3-орында) 49 жеңіспен көш бастап тұр. Екінші орында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде №2) келеді. Қазақстандық теннисші осы маусымда 45 жеңіске жеткен.

Үшінші орында әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко тұр. Оның еншісінде 44 жеңіс бар. Украина өкілі Элина Свитолина да (WTA рейтингінде 9-орын) 44 матчта жеңіске жеткен. Үздік бестікті 43 жеңісі бар ресейлік Мирра Андреева (WTA рейтингінде №5) түйіндейді.

Қазір әлемнің үздік теннисшілері 2026 жылғы маусымның соңғы "Үлкен дулыға" турнирі – АҚШ ашық чемпионатындағы жарысты жалғастырып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған