"Ештеңе істей алмадым": Осака Рыбакинамен өткен матч туралы пікір білдірді

Сурет: instagram/wta
Жапониялық теннисші Наоми Осака Қазақстан өкілі Елена Рыбакинамен өткен матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz басылымы жазғандай, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы АҚШ ашық чемпионатының 1/8 финалындағы матчтың соңғы сәтінде Рыбакинаның эйс соққысына қарсы ештеңе істей алмағанын мойындады.


"Ол эйс жасаған кезде бірінші ойым: "Қап, мен бұған ештеңе істей алмаймын" болды. Доптың жанымнан қалай өтіп кеткенін ғана көріп тұрдым. Ондай сәтте "Жарайды, ол керемет соққы жасады" деп ойлаудан басқа амал қалмайды. Бұл шынымен де өте жақсы соққы болды. Жалпы, бұл матчтан көп нәрсе үйрендім деп ойлаймын", – деді Наоми Осака матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Елена Рыбакина Наоми Осаканы екі сетте 6:1, 6:4 есебімен жеңді. Бұл жеңіс қазақстандық теннисшіге мансабында алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына шығуға мүмкіндік берді.

Ширек финалда Рыбакина жартылай финалға жолдама үшін Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен кездеседі.

Қазақстан
Осака Наоми
Рыбакина Елена

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді