Sportarena.kz мәліметінше, 26 жастағы хоккейші "Барыс" клубынан кеткен.
Өткен маусымды ол елордалық клуб құрамында бастап, ҚХЛ тұрақты чемпионатында 17 матч өткізді және бір нәтижелі пас берген. Қаңтар айында Гайтамиров бас тарту драфтына қойылып, кейін "Номад" командасына ауысты.
Pro Hokei Ligasy тұрақты чемпионатында хоккейші 13 кездесуде 6 (3+3) ұпай жинады. Ал плей-оффтың 15 матчында төрт нәтижелі пас беріп, Қазақстан чемпионы атанды.
Бұған дейін "Барыс" ҚХЛ маусымындағы екінші матчында қарсыласын ірі есеппен жеңгені хабарланған болатын.