Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегері атанған полицейлер марапатталды

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
ҚР ІІМ-де VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан намысын абыроймен қорғаған спортшыларға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыс 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өтіп, оған 109 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ІІМ өкілдері де өнер көрсетіп, екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

"Барлық жүлдегер - Ішкі істер министрлігінің ARLAN спорт клубының өкілдері". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
  1. Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 6636 әскери бөліміндегі спорт командасын даярлау орталығының спорт жөніндегі аға нұсқаушысы Болат Сапар самбодан 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді.
  2. Шығыс Қазақстан облысы ПД процессинг орталығының мемлекеттік автоинспекторы Достан Ошабаев арқан тартыстан алтын медаль жеңіп алды.
  3. Ақмола облысы ПД ЖҚАЖ инспекторы Алмас Жұмағали қырғыз күресінен 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді.

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Айта кетейік, жоғары спорттық жетістігі үшін Болат Сапар Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың марапатына ие болып, "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталды.

ІІМ-де өткен салтанатты кездесуде спортшыларға жоғары нәтижелері, жеңіске деген жігері және халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғағаны үшін алғыс білдірілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне кезекті арнаулы атақтар беріліп, марапаттар табысталды.

11 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңіске жеткен спортшылар мен олардың бапкерлерін марапаттаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Тоқаев Марокко мен Кубаға жаңа елшілерді тағайындады: олар туралы не белгілі

Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады