Белгілі журналист әрі спорт комментаторы Ғалым Сүлеймен дүниеден өтті

Сурет: Instagram/galym_suleimen.sport
Қазақстандық белгілі журналист әрі спорт комментаторы Ғалым Сүлеймен 51 жасына қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғалым Сүлеймен 1975 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

Еңбек жолын "Өркен-Горизонт" басылымынан бастаған ол "Егемен Қазақстан" газетінің спорт бөлімінде қызмет етті. Сондай-ақ "Спорт KZ" республикалық газетіне бас редактор болды, "Айқын" газетінде сарапшы шолушы қызметін атқарды, "Берен" журналы мен Ауыр атлетика федерациясының баспасөз бөлімінде еңбек етті.

Ол тәжірибелі маман ретінде Нагано, Сидней, Ванкувер және Лондон Олимпиадаларына жіберіліп, сол арадан тікелей репортаждар дайындады.

Ғалым Сүлеймен – спорт журналистеріне арналған Сейдахмет Бердіқұлов атындағы республикалық сыйлықтың лауреаты. Сондай-ақ ол - "Журналистика" номинациясы бойынша "Шабыт" халықаралық фестивалінің лауреаты.

Соңғы жылдары ол "Beren live" YouTube-арнасында жұмыс істеп, қазақтілді спорт журналистикасының цифрлық сипатына да үлес қосты.

Әріптестерінің айтуынша, ол жүрегі сыр беріп, кеше жансақтау бөліміне шұғыл түскен.

Zakon.kz редакциясы Ғалым Сүлейменнің отбасына, туған-туыстары мен әріптестеріне қайғыра отырып, көңіл айтады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған